Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
23 қаңтарда бүкіл әлемде Қолмен жазу күні тойланады. Бұл атаулы күнді Жазу құралдарын өндірушілер қауымдастығы енгізген. Бастамашылар бұл күні барлық технологиялық құрылғыларды жиыстырып қойып, қолмен жазуға келіскен. Алайда әзірге бұл мүмкін болмай тұр.
Сурет: syrboyi.kz
Заман алға жылжып, технология тереңдеген сайын қолмен жазудан қалып бара жатқандаймыз. Тіпті бүгінде жазушылардың өзі шығармаларын компьютер, ноутбук, басқа да құрылғылардың көмегімен жазады. Әсілінде жазушылардың үздік жетістіктері – соңына қалдырған кітаптары ғана емес, қолжазбалары. Әлемде атақты жазушылардың қолжазба қағаздары құнды мұра саналады. Олардың туындыларының бәсін биіктететін де – осы қолжазбалар. Ал қазіргі қаламгерлердің қолжазбасы бар ма? Болса да, саусақпен санарлықтай ғана.
Бұрынғы жазушылар алдымен қойын дәптеріне не блокнотқа жазатын. Сосын барып жазу мәшіңкесінде теретін. Ал қазір қолмен жазатындар сирек. Бірден компьютердің пернетақтасына бас қоятындар көп. Компьютермен тергеннің бір тиімсіз тұсы ой мен жазу жылдамдығы үйлеспейді. Соның салдарынан ой шатасады. Компьютерде жазылған шығарманың жойылып кету қаупі де көп. Ал қолмен жазған дүние ешқашан жоғалмайды. Қаншама қаламгердің музейлерде қолжазбасының сақталып тұрғаны – соның айғағы.
Оның үстіне қолмен жазу деген бір ғанибет дүние. Сөздің денеңнен суырылып шығып жатқанын байқайсың. Ерекше сезімге бөленіп, қағаз бетіне қалам жүгіртесің. Осылайша, жазудың ләззатын жан-тәніңмен сезінесің.
Сондай-ақ жазу – мидың жаттығуы. Ол миды қартаюдан сақтайды. Керек ақпаратты көшіріп жазу оның есте ұзақ сақталуына көмектеседі. Ал қазір қаламгерлердің көбі қаламын пернетақтаға айырбастады. Жазушы түгілі былайғы адамдар да қолмен жазғысы келмейді. Әсіресе ватсап желісінде жазып отыруға ерініп,
аудио жібере салатындар көбейді. Бұл да біртіндеп жазуды ұмыттырып жатыр. Балалар да қолмен жазудан қашады. Бұрын мектептерде Көркем жазу сабағы өтетін. Сол арқылы балалардың жазуы шыңдалатын. Ал бүгінде шырайын шығарып жазатындар шамалы. Ойланатын мәселенің бірі – осы.
Соңғы жаңалықтар
Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Білім • Бүгін, 07:40
Білім • Бүгін, 07:30
Білім • Бүгін, 07:20
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан • Кеше
Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Спорт • Кеше
Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді
Қазақстан • Кеше
Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары
Оқиға • Кеше
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Спорт • Кеше
Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
Қоғам • Кеше
23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Кеше
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Марапат • Кеше
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Аймақтар • Кеше
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Пікір • Кеше
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент • Кеше
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Қоғам • Кеше