Жазушылар мен актерлер ел болашағы үшін дауыс берді

15.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстан өңірлерінде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс беру жалғасып жатыр. Белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері де өз таңдауын жасауда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқылардың бірі болып танымал актерлер отбасы Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова Қазақстанның болашағы үшін таңдау жасады. Шығармашылық жұп әлеуметтік желіде «біз өз таңдауымызды жасадық» деп фото жариялады.

Атырау облысында 100 жастағы тыл ардагері үйінде дауыс берді

Сонымен қатар, референдумға актер Тұңғышбай әл-Тарази де қатысты. Актер өзінің Instagram аккаунтында өз бюллетенін жәшікке салғаны туралы шағын видео жариялады. Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай әл-Тарази де референдумның тарихи маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл оқиға мемлекеттіліктің келешегіне тікелей әсер етеді.

«15 наурыз күні елімізде үлкен оқиға күтіліп отыр. Бұл біздің мемлекетіміз үшін ерекше маңызға ие. Біз жаңа Конституция қабылдаймыз. Халық Ата заңның әрбір бабына қатысты өз пікірін білдіреді», деп атап өтті ол.

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева да референдумның маңыздылығын атап өтіп, азаматтарды белсенді болуға шақырды.

«15 наурыз – еліміз үшін маңызды күн. Келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар», деді Роза Рымбаева.

Жазушы Мұрат Дүйсенбаев та өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, әлеуметтік желілерде дауыс берген сәтіндегі фотосын жариялады.

Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева 15 наурыздағы референдумның тарихи маңызын атап өтіп, жаңа Конституция жобасының мәдениет пен ұлттық құндылықтарды қорғаудағы ерекше рөліне тоқталды.

«Уақыт қарқынды өзгеріп жатыр, біз оң өзгерістерді күтеміз. Жаңа Конституция жобасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тарихи-мәдени мұраны қорғауға және шығармашылық еркіндікке ерекше мән берілген. Осынау қажеттілігі зор ұғымдардың конституциялық деңгейге көтерілуі біз үшін аса маңызды», деді ол.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнер иесі Марал Анарбек ел болашағы ең алдымен бірлікке байланысты екенін айтты.

Алматыда «Бүркіт» референдумда өз таңдауын жасады

Жазушы әрі қоғам қайраткері Смағұл Елубаев жаңа Конституцияның ерекшеліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, бұл құжат халықтың қатысуымен әзірленген.

Мәдениет пен өнер өкілдерінің айтуынша, бұл тек заң қабылдау рәсімі ғана емес, қоғамды дамытуға, ұлттық құндылықтарды нығайтуға және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Өнер қайраткерлері бұл үдеріске әрбір азаматтың белсенді қатысуы – ел болашағын бірлесе қалыптастырудың жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Инватакси» тегін жұмыс істеп жатыр

Референдум • Бүгін, 11:37

ТМД ПАА байқаушылары: Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр

Референдум • Бүгін, 11:36

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:36

Ақтаулық белсенді жас алғаш рет дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:34

15 наурызда доллар мен теңге қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 11:30

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері референдумда өз таңдауын жасады

Референдум • Бүгін, 11:28

Балқаштық ғасыр ана референдумда дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:25

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 11:23

Өңір тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр

Референдум • Бүгін, 11:21

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков референдумда дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:20

«Алғашқы референдум» акциясы: Қазақстан жастары ел болашағы үшін таңдау жасады

Референдум • Бүгін, 11:18

Ақтөбе облысындағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ

Референдум • Бүгін, 11:15

Ұлытау облысының әкімі дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:09

Батыс Қазақстанда «Жәңгір хан» дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:05

Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

Референдум • Бүгін, 11:00

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью