Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

04.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Семейдегі облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына су жаңа санитарлық көліктер табысталды. Өңір басшысы Берік Уәли арнайы техниканың алғашқы легі – 10 авто­көліктің кілтін медицина қызметкерлеріне салтанатты түрде тапсырды.

Бұған дейін стансадағы техникалардың тозу деңгейі 90 пайыздан асып, өңірге мұндай арнайы көліктер соңғы рет 2020 жылы алынған еді. Осы түйткілді шешу мақсатында облыстық бюджет есебінен, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингтік негізде 100 санитарлық автокөлік сатып алынды. «Hyundai», «JAC», «ГАЗель» маркалы темір тұл­парлар GPS-навигациямен, шұғыл көмекке қажетті заманауи жабдықтармен толық қамтылған. Жоспарға сәйкес, қыркүйекке дейін көліктердің 67-сі облыс орталығына, 33-і аудандардағы медициналық ұйымдарға үлес­тіріледі. Салтанатты шарада облыс әкімі Берік Уәли Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың тұрмыс сапасын арттыру басты міндет екенін атап өтті.

«Мемлекеттің білім мен ден­­саулық сақтау саласына бөлген қаржысы, ең алдымен, азамат­тардың игілігіне қыз­мет етуге тиіс. Бүгін табысталып отырған жедел жәрдем кө­ліктері – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың бір парасы. Бұл техникалар шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, қызмет сапасын жақсартуға сөзсіз үлес қосады», деді өңір басшысы.

Айта кетейік, қазір облыстық жедел жәрдем стансасында 872 адам еңбек етеді. Мекеме жылына 250 мыңнан астам шақыртуға шығып, өңірдің 620 мың тұрғынына қызмет көрсетеді.

Өңірде денсаулық сақтау сала­сының инфрақұрылымын дамыту ісі де қарқын алған. Былтыр алғашқы көмек көр­сететін 60-тан астам нысан бой көтерді. Мақаншы ауылында күндізгі стационары, зертханасы, әйелдер консультациясы бар дәрігерлік амбулатория ашылды. Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасының  реани­мациялық бөлім­шесінің қосымша құрылысы аяқталды. Осы мекемеде магниттік-резо­нанстық томограф орналастырылатын ғимаратпен, Үржар ауданының көпсалалы орталық ауруханасы базасында «Тері арқылы коронарлық араласу орталығы» қосымша ғимаратының құрылысы басталды. Сондай-ақ 300 орындық облыстық көпбейінді аурухана мен 200 орындық балалар ауруханасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзір­леніп жатыр. Жалпы, облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, былтыр облыстың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Отандық оқу орындарының өрісі

Білім • Бүгін, 08:15

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы

Digital • Бүгін, 08:08

Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?

Бизнес • Бүгін, 08:05

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Моноспектакльдегі мөлтек сыр

Театр • Бүгін, 07:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады

Ауа райы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью