ЖЭК нысандарында ЖИ қолдану жылына шамамен 1,2 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді

28.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Министрдің айтуынша, Біртұтас энергетикалық жүйені басқару үшін жасанды интеллекті қолданылмақ. Жүйе нақты уақытта деректерді талдап, диспетчерлерге жедел шешім қабылдауға көмектеседі.

— Жасанды интеллект электр жүктемесін болжап, бұзушылықтарды анықтап, оқиғаларға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Пилоттық енгізу KEGOC базасында іске асырылуда. Жоба — Қазақстан өнімі және AI Governance Cup конкурсының жеңімпазы. Күтілетін нәтиже — инциденттерге әрекет ету уақытын 30 пайызға дейін қықсарту болжамды экономикалық әсер жылына 200 млн теңгеге дейін, — деді ол.

Сонымен қатар ол жаңартылатын энергия көздері объектілерінің генерациясын болжау үшін жасанды интеллекті қолданыла бастағанын айтты.

— Жүйе ауа райы, өткен генерация және ағымдағы жағдайларға сүйеніп, электр өндіруді бір тәулікке алдын ала болжайды. Пилот KEGOC және Самұрық-Энерго объектілерінде өтуде әрі қарай барлық ЖЭК нысандарына масштабтауға мүмкіндік бар. Нәтижесінде жаңартылған энергия көздерінің өндірісіндегі ауытқулар 25 пайызға азаяды, соның арқасында жылына шамамен 1,2 млрд теңге үнемделеді, — деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін мұнай өндіру ұңғымаларын онлайн бақылайтын отандық жүйе экспортқа шығарылатынын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью