Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Елімізде азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту жоспарланып отыр.
Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: uralskweek.kz «Азаматтардың жеке өмірге қол сұқпау және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын жүзеге асыра отырып, цифрлық деректердің кез келген алаңда тарап кетуіне қарсымыз.
Осы мақсатта қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін жеткіземіз.
Бұдан бөлек дербес деректер жаппай таратқандарға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз», деді Ростислав Коняшкин.
Жеке деректерді қорғау және архивтерді цифрландыру: Мемлекет басшысы архив ісі туралы заңға қол қойды Вице-министр цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек деді.
Бұған дейін Алматыдағы мектеп оқушыларының жеке деректері тарап кеттті деген хабарлама тексерілген еді.