24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Биыл елде жеке куәлікті тегін алуға болады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше куәлікті алғашқы рет алған кезде және мерзімі бітіп ауыстырғанда баж алынбайды. Ал тұлға 1 жыл ішінде жеке куәлікті екі реттен көп жоғалтса 4 мың 325 теңге төлеуі қажет. Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, былтыр елде екі миллионға жуық жеке куәлік берілген. Дегенмен, құжат рәсімдеу қымбаттады. Айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өсті. Енді ересек адам үшін төлқұжат 34 мың 600 теңге, ал 16 жасқа дейінгі балалар үшін 17 мың 300 теңге тұрады. Бұл құжатты өткен жылы елдің миллионнан аса тұрғыны алды.