Жеке мәліметтер қолды болды: Қазақстандықтарға ЖСН ді ауыстыру қажет пе

07.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Айта кетейік, бұған дейін желіге қазақстандықтар туралы 16 миллионға жуық мәлімет шығып кеткен болатын.

Кейін бұл жағдайға қатысты тиісті органдар тексерісте болатыны жайлы мәлімдеген

— ЖСН-ді қайта шығарудың еш мәні жоқ, өйткені бұл — сәйкестендіру нөмірі. Несиелер мен алаяқтарға келетін болсақ, біз әріптестерімізбен бірге арнайы жұмыс істедік. Egov порталында «Стоп-кредит» сервисі бар. Сол реестрге аты-жөніңізді енгізсеңіз, сіздің рұқсатыңызсыз ешкім атыңызға несие рәсімдей алмайды. Сондықтан деректердің бәрі қорғалған, — деді вице-министр.

Оның айтуынша, ең басты қауіп адамдардың өз аңғалдығынан болады. Сондықтан ол алаяқтарға алданбаудың жолын да түсіндірді.

— Ең бастысы ешкімге сенбеңіздер. Телефонға келген СМС-кодтарды ешкімге айтуға болмайды. Ол кодтар тек мемлекеттік қызмет алып жатқанда ғана керек. Сақтанып жүру үшін 1414 нөмірінен келген хабарламаны ешкімге жібермеңіз. Ал несие алмайтын болсаңыз, баяғы «Стоп-кредитті» қосып тастаған дұрыс. Егер ақша керек болып жатса, бұл шектеуді небары екі минутта алып тастауға болады, — деді Бекболат Молдабеков.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев те осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірген еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью