7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған кезде азаматтардың борыш жүктемесін төмендетудің заңды құралы ретінде жеке тұлғалардың банкроттығы тетігі жұмыс істейді.
Берешектің мөлшеріне және өзге де шарттарға байланысты банкроттық сотарқылы және соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылады.
Банкроттық рәсімі төтенше шара ретінде қарастырылады және берешекті реттеудің басқа тәсілдері болмаған кезде қолданылады.
Осы рәсімге жүгінгенге дейін берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішпен кредиторға жүгінуді қоса алғанда, баламалы нұсқаларды қарастыру ұсынылады.
Соттан тыс және сот банкроттығының айырмашылығы неде?
Соттан тыс банкроттық 1600АЕК-ке дейінгі (шамамен6,9млнтеңге) берешек кезінде белгіленген шарттарды сақтай отырып қолданылады: мүліктің болмауы, қатарынан 12 ай ішінде міндеттемелерді өтемеу, сондай-ақ берешекті реттеу рәсімін жүргізу.
Рәсім жеңілдетілген сипатта болады және Egov.kz және Tazalau.kz. электрондық сервистері арқылы жүзеге асырылады. Өтінімдерді Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қарастырады.
Берешегі 1600 АЕК-ке дейінгі және төлем мерзімін кешіктіру 5 жылдан асатын азаматтар үшін мүліктің болуын есепке алмай және берешекті реттеуді жүргізбей, соттан тыс банкроттыққа өтініш беру мүмкіндігі көзделген. Биыл наурыз айынан бастап мұндай өтініштерді қарау мерзімі 6 айдан 1 айға дейін қысқартылды.
Сот банкроттығы сот арқылы жүзеге асырылады және борышкердің мүлкі болған кезде, сондай-ақ соттан тыс рәсімге жатпайтын өзге де жағдайларда қолданылады.
Мына жағдайды есте сақтау маңызды – банкроттық рәсімі 5 жыл ішінде кредиттер алуға тыйым салуды (ломбардтардағы микрокредиттерді қоспағанда), сондай-ақ сот банкроттығы шеңберінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға шектеуді (заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) қоса алғанда, заңнамада белгіленген шектеулерге әкеп соғады.