Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Ведомство мәліметінше, аталған ең төменгі баға деңгейі 2026 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін қолданыста болады.
– Комитет ЕАЭО елдерінен әкелінетін жекелеген тауарларға қатысты ең төменгі баға деңгейі қолданылатын тауарлар тізбесін және олардың мөлшерін бекітті. Бұл көрсеткіштер әр тоқсан сайын жаңартылып отырады, – делінген құжатта.
Сонымен қатар ең төменгі баға деңгейін тоқсан сайын қайта қарау кейбір тауарлардың бағасындағы маусымдық өзгерістерге және импорттық бағалардың құбылмалылығына байланысты жүзеге асырылатыны атап өтілген.
Оған қоса, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын жекелеген тауарларға қатысты ең төменгі баға деңгейі қолданылатын тауарлар тізбесі мен оны айқындау қағидалары Қаржы министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №658 бұйрығымен бекітілген.
Айта кетейік, Қаржы министрлігі «Бағалардың ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін, сондай-ақ бағалардың ең төменгі деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.
Сондай-ақ Қазақстанда кейбір тауарларды сатып алуда ұлттық режимнен шығару ұсынылды.