Жекеменшік мектеп: Сапа жүйелі менеджментке тәуелді

20.02.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазір Үкімет жекеменшік мектептерге қатысты талапты қатаңдатуды қолға алып жатыр. Алматыға сапары барысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептер үш ауысымды, апатты жағдайды жою мақсатында, мемлекеттік мектептер жетіспейтін өңірлерде ашылатынын жеткізді.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Келесі айдан бастап жеке­мен­шік мектептер лицензиясы, балалар қауіп­сіз­дігі, білім беру қызметінің сапасы, білік­тілік талаптарына сәйкестігі тек­сері­леді. Жаңа оқу жылында мемлекет­тік тап­сырыстың көлемін жергі­лікті атқа­ру­шы орган анықтайды. Қаржы e-Qazyna платформасында OrtaBilim цифрлық сервисі арқылы бөлінеді. Бұл қаржыландыруды жеңілдетіп, ашық­тығын, сыбайлас жемқорлық тәуе­­келін азайтуға бағытталған қадам бол­мақ.

Бүгінде еліміздегі 900-ге жуық жеке­меншік мектепте 30 мыңнан аса оқушы білім алады. Кейінгі 5 жылда жеке мектеп саны 4 есе, оқушы саны 6 есеге өскен. Тәуелсіз сарапшы Ақнұр Бүбеқұлова орын тапшылығы 2033 жылға қарай 1 млн-ға жететінін алға тартып, мұндай жағдайда мыңнан аса мемлекеттік мектеп салуға тура келетінін әрі қомақты инвестиция­ны қажет ететінін айтады. Ал қазір­гі қалыптасқан жағдайда тиісті шара­лар­дың қолданылуын дұрыс санайды. Бірақ заң аясында жұмыс істеп жатқан жеке білім ошақтарына зиян келмегені абзал. Құқық бұзушылық заң аясында реттелуге тиіс. Оның пікі­рін­ше, Астана, Алматы, Шымкент қа­ласы, Түркістан облыстарында ха­лық саны өсуінен жаңа оқу орындарына сұраныс әлі де арта түседі.

Мемлекет-жекеменшік әріптестігі ре­жіміне көшіруді қолдаған инвестор Асан Нұғымановтың пікірін­ше, елімізде орта білім беру форма­ла­рының әртүрлі болғаны жағым­ды үрдіс. Бірақ жекеменшік мектеп­тердегі білім сапасының мемле­кет­тік­тен айырмасына қатысты нақты статис­тика жоқ. Нақты сараптама, шешім шығару мақсатында ондай статис­тика керек.

– Бүгінде елімізде мемлекет-жеке­меншік әріп­тестігі моделі негізін­де ашылған 150 мектеп бар. Бұл – мемлекеттік білім беру мен жеке сектор арасындағы гибридті жүйе. Егер де мектеп құрылысы мен қызмет көрсетуге кеткен шығындарды қай­та­ру үшін жекеменшік білім секторы оқу ақысын көтеруге мүдделі болса, онда мемлекет-жекеменшік әріптестік негізіндегі мек­тептер жағдайында оператор келісілген бо­йынша бала санын толықтыруы қажет. Ал мұнда мемлекеттік, немесе жекеменшік мектептегі білім сапа­сынан жоғары болған жағдайда ғана оқушы көбейеді. Бұл модель Ұлыбритания, АҚШ-та кең тарал­ған. Осы модельдің тиімділігіне сенемін. Өйткені мемлекеттің бір мезетте мектептер құрылысына, тіптен қолданыстағы мектептердің реновациясына инвестиция салуы қиын. Мәселені Президенттің өзі бірнеше рет атап өтті. Маман ретінде айтарым, қазіргі қолданыстағы, сон­дай-ақ әлі де салынатын «Келешек мектептерін» мемлекет-жекеменшік әріптестік режіміне көшіру қажет, – дейді сарапшы.

Qazbilim ұлттық мектеп жобасы­­­ның жетекшісі, PhD Аятжан Ахмет­жан­ұлы­ның айтуынша, еліміз­де жеке­мен­шік мектептердің дамуы жалпы білім сапасына үлкен серпін әкелді. Өкінішке қарай, кейінгі 1-2 жылда сала кедергіге тап болды.

– Президенттің өзі жеке мектеп­тер­ді дамытуға айрықша назар аударып отыр. Салаға инвестиция тарту ісінде жүйелі шаралар қабылдаудың, сондай-ақ мемлекет-жекеменшік серік­тестік құралын жетілдіру маңыз­ды екенін айтып, қолданыстағы мо­дель­ді түбегейлі өзгерту керек деген. Жекеменшік мектептерде оқу ақысы қосымша құзыреттіліктерге қарай белгіленеді. Егер оқушы әлемдік деңгейдегі, сондай-ақ олимпиадалық резерв сапындағы білімді, өнерді үйре­нетін болса, онда білім ақысының соған сай болуы заңды да. Ал баға саясаты кәсіпкер мен ата-ана арасындағы ке­лі­сімге байланысты, – дейді сарапшы.

Аятжан Ахметжанұлының айтуынша, жүйе­лілік пен ашықтықта жекеменшік және мемле­кет­тік мектепке қойылатын талап бірдей болуы қажет. Осы мақсатта Білім саласында сапаны қамтамасыз ету коми­теті өз құзыретінде толыққанды жұ­мыс істегені абзал. Сапа меншікке емес, менеджментке байланыс­ты. Сарапшының пікірінше, егер де білімі жоғары елдердегідей сапаға қол жеткіземіз десек, мектептер бір ауысымда жұмыс істеп, бір сыныпта 20 оқушыдан аспағаны абзал. Ал жекеменшік сектордың жалпы орта білім саласындағы үлесі 20–25 пайызды құрауға тиіс. Қазір бұл көрсеткіш 9–10 пайыз шамасында. Оқу­шыны қамту деңгейі 5–6 па­йыз. Бұл сектордың дамуы сапаны, бәсекелестікті қалыптастырады әрі оқу­шының қосымша құзыреттерді меңгеруіне, білім жүйесіне әлемдік жобалардың енуіне ықпал етеді.

«Еліміздегі білім жүйесі кейінгі жылдары күрделі демографиялық және инфрақұрылымдық қысымға тап болып отыр. Оқушылар санының өсуі мен урбанизация мемлекеттік мектептердің мүмкіндігін шектей бастады. Осы жағдайда мемлекет-жеке­меншік әріптестік тетігі жүйе­нің маңызды тірегіне айналды. Қо­ғамда бұл модель кейде мем­лекет есебінен жеке бизнесті қол­дау ретінде түсіндіріледі. Алайда экономикалық есеп бұған кереғар нәтиже көрсетеді», деді Кембридж университетінің білім саласындағы магистрі, «Hyperion Boarding», «Oyu Children», «Astana Garden School» халықаралық білім ордаларының негізін қалаушы Нұрмұхамед Досыбаев.

Сарапшы келтірген мәліметке сүйенсек, биліктің білім мен адам капиталын басым бағыт ретінде белгілеуінің арқасында, 2024 жылы бұл салаға бөлінген қаржы 6,7 трлн теңгеге жетті. Бұл – ІЖӨ-нің 4,96, ал мемлекеттік шығынның шамамен 22 пайызы. Қазір елде 4 миллионға жуық оқушы болса, оның 300 мыңы жекеменшік мектепте білім алады. Егер балаларды толықтай мемле­кеттік мектептерге ауыстыру қажет болса, екі ауысымдық жүйеде ке­мінде 150 мың жаңа орын салу керек. Бір орынның орташа құны 5–7 млн теңге екенін ескерсек, бюджетке бір реттік салмақ 750 млрд пен 1,05 трлн теңге аралығында болмақ. Бұған кейінгі жылдардағы жалақы, коммуналдық қызмет, жөн­деу шығындары қосылады. Ал қазіргі модельде мемлекет ғимарат салмайды, тек оқыту үрдісін қаржы­лан­дырады. Бір оқушыны жылына 500–700 мың теңге көлемінде жан басына қаржыландырады, ал 300 мың бала үшін 150–210 млрд теңге. Бұл – бір оқушы орнының құрылыс құны шамамен 8–10 жылдық білімін қаржыландыруға тең екенін көрсетеді. Жекеменшік мектеп шығынының 40–60 пайызын ата-аналар көтереді. Ақшалай алғанда, олардың жыл сайын­ғы үлесі 225–315 млрд теңгеге жетеді. Осылайша, жекемен­шік білім беру нарығының жылдық көлемі 375–525 млрд теңгені құрап, тұрақты өсіп келеді. Бұл – ата-аналардың саналы таңдауы арқы­лы қалыптасқан, мемлекетке салмақ салмай дамып отырған нарық. Мемлекеттік мектеп салынғаннан кейін де бюджетке тұрақты жүк түседі. Ал мемлекет-жекеменшік әріптестікте ғимаратты инвестор салады, мемлекет тек білім қызметін сатып алады. Мұндай тәсілдің тиімділігі «Балапан» бағдарламасы арқылы да дәлелденді.

– Кейінгі 15 жылда шамамен 1 миллион бала жекеменшік балабақшада тәрбиеленіп, мем­лекет 4–6 трлн теңге көлеміндегі құрылыс шығы­ны­нан құтылды. Халықаралық тәжірибе де осыны көрсетеді. Мәселен, Дубайда 10 шақты мем­ле­кет­тік, 250-ден астам жекеменшік мектеп бар. Бұл сала арнайы қолдау арқылы инвестициялық секторға айналған. Әрине, жекеменшік мектепте сапаға қатысты мәселелер бар. Бірақ бұл модельдің кемшілігі емес, басқару мен бақылаудың әлсіздігінен туындайды. Оны цифрлық реестр, тәуелсіз аккредитация, ашық қаржыландыру арқылы шешуге болады. Мемлекет-жекеменшік әріптестікті шектеу ең алдымен мемлекеттік құрылыс тапсырысына тәуелді мердігерлер мен бюджет бөлінісіне ықпалы бар топтарға тиімді болуы мүмкін. Ал мемлекет, ата-аналар, оқушылар мен ұстаздар ұтылады. Мәселе модельдің өзінде емес, оны қалай және кім басқаратынында. Қазір жекеменшік мектептер бытыраңқы күйде. Ал нарық жүздеген миллиард теңгемен өлшенеді және жүздеген мың отбасының мүддесін қамтиды. Егер олар кәсіби қауымдастық құрып, ортақ ұстаным қалыптастырмаса, бұл бәсекеде ұтылу қаупі бар. Ондай жағдайда тек жекеменшік сектор емес, ел ұтылады. Жекеменшік білім беру нарығы елімізде бар. Ендігі оның тағдыры – жүйелі, жауапты және толыққанды субъект ретінде қалыптасуында, – дейді Н.Досыбаев. 

Түйін: Сарапшылар қаржы­лан­ды­ру қысқарса, шағын мектептердің едәуір бөлігі жабылатынын айтады. Оқушылар мемлекеттік мектептерге оралып, мұғалімдер басқа салаға кетуі мүмкін. Жекеменшік білім секторы экономикалық белсенді сала, сондықтан монополияланбай, институтционалды дамығаны маңызды.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48

Төрт жасында 6-сыныптың есебін шығарады

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам

Қоғам • Бүгін, 08:43

Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе

Тарих • Бүгін, 08:40

Сенімді күшейтуге көмектеседі

Қоғам • Бүгін, 08:38

«Балапанды» кімдер басқарды?

Басылым • Бүгін, 08:35

Бұқтырылған киік еті саудаға шықты

Өндіріс • Бүгін, 08:32

Өскелең ұрпақтың ұстаханасы

Таным • Бүгін, 08:30

Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы

Еңбек • Бүгін, 08:28

Бексұлтан Нұржеке, Қазақстанның Халық жазушысы: Келешекке деген үміт шырағы ешқашан да сөнбеуге тиіс

Сұхбат • Бүгін, 08:25

Ақтауда урологиялық операция жасалады

Медицина • Бүгін, 08:23

Отаншылдық ұғымын қалай түсінесің?

Жастар • Бүгін, 08:20

Қауіпті дертті сәулемен емдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Жастар жұмысы қайта жанданды

Жастар • Бүгін, 08:15

Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті

Реформа • Бүгін, 08:12

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью