Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Желіде Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы кикілжіңнің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы кикілжіңнің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайыБұған дейін Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты жанжал туындағаны хабарланған болатын. Оқиға 21 қаңтарда Қарағандыдағы спорт мектебінің аумағында болғаны айтылған еді. Алдымен ауызша кикілжің туындап, кейін ол төбелеске ұласқан. Салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған.
ВидеоЖеліде мекемеде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар тарады. Видеода Серік Сәпиевке ұқсас адам кабинетке кіріп, біраз уақыттан соң костюмсіз, ақ жейдемен асығыс шыққаны көрінеді.
Полиция пікіріАқпаратқа Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған.
"Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - деді полиция.
Айта кетейік, Серік Сәпиев қазір Қарағанды облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться