Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Тәрбие – тал бесіктен» деген дана халқымыз табиғатты тіршіліктің тұтқасы санағаны белгілі. Байырғы көшпелі дүниетанымдағы ұрпаққа аманат етілген бұл ұғым бүгінде жаңа мазмұнда жаңғырып, экологиялық мәдениетті бала кезден қалыптастырудың маңызы арта түсті.
Сурет: arainfo.kz
Семей қаласындағы «Өрлеу» балабақшасының бастамасы – осы жағымды үрдістің нақты көрінісі. Мұндағы кішкентай күрекпен топырақ қопсытып, көшетке су құйып жүрген балдырғандардың ісі жай ғана ойын емес, экологиялық тәрбиенің іргетасы. Мектепке дейінгі ұйымда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза балабақша – таза болашақ» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында тәрбиеленушілер гүл егеді, бөлме өсімдіктерін күтіп-баптайды, ауладағы жас көшеттерге су құяды. Ең маңыздысы – бұл жұмысқа ата-аналар да белсенді араласады.
Балабақша меңгерушісі Ардақ Қошанованың айтуынша, экологиялық тәрбие сөзбен емес, нақты әрекет арқылы қалыптасады.
«Біз балалардың табиғатты тек сырттай тамашалап емес, ұстап көріп, сезініп үйренгенін қалаймыз. Сондықтан тәжірибелік жұмысқа ерекше мән береміз. Бұл сабақтар балаларға өте ұнайды әрі ең бастысы – табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастырады», дейді ол.
Сабақ барысында балалар экология негіздерімен танысады. Табиғатты қорғау, тазалық сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріледі. Мұнда балалар жай ғана тыңдаушы емес, нағыз зерттеуші. Мәселен, мектепалды даярлық тобында гидропоника жүйесі енгізіліп, балдырғандар өсімдіктің топырақсыз, арнайы қоректік ерітіндіде қалай өсетінін күнделікті бақылайды. Бұл бағыт халықаралық тәжірибеге де толық сай келеді. ЮНЕСКО зерттеулері көрсеткендей, экологиялық білімді ерте жастан алған балалардың 70%-ы есейгенде табиғатты қорғау бастамаларына белсенді қатысады. БҰҰ-ның Қоршаған орта бағдарламасының (UNEP) дерегінше, мұндай елдерде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау көрсеткіші екі есе жоғары.
Белгілі натуралист Дэвид Аттенбороның: «Табиғатты сақтаудың ең тиімді жолы – адамдарға оның құндылығын бала кезден түсіндіру» деген сөзі бүгінгі экологиялық саясаттың басты қағидасына айналып отыр. Әлемде бұл бағытта тәжірибе көп. Мысалы, Финляндияда балабақша бағдарламасының маңызды бөлігі – «орман сабақтары». Балалар аптасына бірнеше рет табиғатқа шығып, өсімдіктер мен жәндіктерді зерттейді. Жапонияда мектепке дейінгі ұйымдарда балалар мектеп ауласындағы шағын бақтарды өздері күтеді. Германияда «экобалабақша» жүйесі кең таралған
Елімізде де кейінгі жылдары экологиялық тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Сол тұрғыда «Таза Қазақстан» акциясы тек сенбіліктермен шектелмей, тұтас ұлттың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Бүгінде Орталық Азия, оның ішінде еліміз «жасыл экономика» бағытына батыл бет бұрып, әлем назарын аударып отыр. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі сарапшылары біздің елдегі жаңартылатын энергия мен су үнемдеу бастамаларын оң бағалады. Елімізде қабылданған 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы, «жасыл энергетика» жобалары, қалдықтарды қайта өңдеу бастамалары, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы осы бағыттағы нақты қадам саналады. Ал «жасыл экономика» тек өндіріс пен технология ғана емес, оның негізі – қоғамның экологиялық мәдениеті. Ол мәдениет Семейдегі «Өрлеу» балабақшасындағыдай балдырғанның өз қолымен гүл егіп, табиғатқа деген мейірімін оятудан бастау алады.
Абай облысы
Соңғы жаңалықтар
Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Кәсіпкер • Бүгін, 09:15
Цифрлық дәуірдегі мүмкіндіктер
Digital • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05
Дәстүр • Бүгін, 09:00
Наурыздың рухын асқақтатқан ән
Наурызнама • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Таным • Бүгін, 08:45
Мирас • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:30
Мерекелік мәзір: Бағынбайтын баға, тарылмайтын пейіл
Экономика • Бүгін, 08:25
Кәсіпкер • Бүгін, 08:20
Адам капиталы – елді сапаландыратын негіз
Қоғам • Бүгін, 08:15
Пікір • Бүгін, 08:10