Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында екі қазақстандық спортшы финалға шықты

06.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ұлттық олимпиадалық комиеттің мәліметінше, 800 метр қашықтықта өткен жартылай финалдық жарыстың қорытындысы бойынша құрлықтық біріншіліктің финалына қазақстандық екі спортшы жолдама алды. 

Жартылай финалда Ақбаян Нұрмәмет екінші болып мәреге жетіп, іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Ал Екатерина Колода мәреге төртінші болып жетіп, уақыт көрсеткіші бойынша шешуші кезеңге шықты. 

Финалдық кезең 8 ақпан күні өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтетінін хабарлаған едік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью