Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Ясмина Тоқсанбаева қола медаль иеленді

12.07.2026

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте үшінші орынға ие болды. Отандасымыз 1:41:26 нәтижесімен мәреге жетті.

Сондай-ақ Эльмира Калимуллина бесінші орынға табан тіреді.

Қытайлық Нин Цзиньлинь алтын медаль жеңіп алды - 1:38:24. Оның командаласы Доу Маоцо күміс жүлдеге ие болды - 1:39:01.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар.

Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль алса, Максим Балабин қола жүлдемен көзге түскен еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью