Жеңіл өнеркәсіпке 40 млрд теңге инвестиция салынды

16.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Оның мәліметінше, өндіріс құрылымында тоқыма саласы басым — 159 млрд теңге. Киім тігу көлемі шамамен 84 млрд теңгені, ал былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі 17 млрд теңгеге жуық.

Сондай-ақ саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 40 млрд теңгені құрады.

– Жалпы ішкі өнімдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1 пайызды құрайды. Өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі — 0,4 пайыз, ал өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 0,8 пайыз болды. 2025 жылы еліміздегі жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 3,6 млрд АҚШ долларына жетті. Оның ішінде отандық өндірушілердің үлесі 8,1 пайыз, қалғаны импортқа тиесілі, - деді Мұхамед Андаков.

Оның сөзінше, 2024 жылы бұл көрсеткіш 5,1 пайыз болған. Яғни, отандық өнім үлесі біртіндеп артып келеді.

– Жалпы, жеңіл өнеркәсіп үш негізгі бағыттан тұрады. Оның ішінде тоқыма өндірісінің үлесі 61 пайызды, киім тігу саласы — 32 пайызды, ал былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі 7 пайызды құрайды, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп тауарларының бір бөлігі ұлттық режимнен шығарылғаны туралы хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью