Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жеңіл өнеркәсіп саласында кадр даярлау жүйесін дамытуға арналған кеңейтілген басқосу өтті.
Оған білім, жеңіл өнеркәсіп саласының мамандары қатысты. Ташкенттен өкілдер онлайн қосылды.
Кездесуде дуальды оқыту жүйесі, өндірістік практика, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығына бейімдеу мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Палата өкілі Жанар Алтаеваның айтуынша, бүгінде елімізде білім беру мекемелері мен өндіріс орындары арасында байланыс күшейтіліп жатыр.
Ондағы мақсат – сапалы кадр даярлау. Және осыған байланысты өңірлерде салалық альянстар құрылып жатқанын жеткізді.
Ташкент текстиль және жеңіл өнеркәсіп институтының доценті, техника ғылымдарының докторы Малахат Илхамова аталған саланы дамыту бойынша Өзбекстан тәжірибесімен бөлісті.
«Жеңіл өнеркәсіп саласында маман тапшылығы өзекті мәселе. Оқу бітірген түлектің бәрі фабрикаға жұмысқа бара бермейді.