Жеңімпаз стартап жобалар

06.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жаңа жыл алдында «Astana Hub» орталығы «Pizza Pitch-2025» байқауын қорытындылады. Оған іріктеуден өткен 11 команда қатысты. Олар өздерінің IT-жобасын инвесторлар мен сарап­шыларға және кәсіби қауымдастық өкілдеріне таныстырды.

– Біз бұл байқауды бірнеше жылдан бері өткізіп келеміз. Осы іс-шара аясында көптеген команда үшін инвестор және нарық сарапшыларымен алғашқы диалог бастауға мүмкіндік берілді. Бір жағынан, 2025 жылы стартаптар тарапынан қызығушылық өте жоғары болды. Оған 132 өтінім келіп түсті. Ал финалға мықты технологиялық жобалар ұсынылды. «Astana Hub» – кәсіпкерлік экожүйені жүйелі дамытып, стартаптарға білім беру, инкубация және акселерация бағдарламаларын халықаралық деңгейде танытуға жол ашады. Біздің міндетіз – болашағы мол технологиялық шешімдердің жаһандық нарыққа шығуына қолайлы жағдай жасау, – деді «Astana Hub» басқарушы директоры Валерия Тё.

Сонымен «Pizza Pitch- 2025» байқауының жеңімпазы «Cor­texAI» стартапы атанды. Жоба – биостатисти­ка мен биоматематикаға негіз­делген. Бұл донорлық бүйрек­ті ірік­теуге және трансп­лантат­тың қа­­былдан­бай қалу қау­пін бол­жауға арнал­ған жасанды ин­­теллект ше­шімі. Сон­дай-ақ клиникалық шешім­нің дәл­дігін арттырып, тран­сп­лан­то­логиядағы меди­циналық кө­мектің сапасын жақсартады. Ал екінші орынды – «BEST Vision Technologies» стартапы иеленді. Мұнда AI-ассистент­тер мен LLM-техно­логиясын қолдана отырып, өнеркәсіптік қауіп­сіздік саласына арналған бағдар­ламалық қамтамасыз ету мен «ақылды» каскалар шы­­ғара­ды. Үшінші орын «Repe­tino» платформасына бұйыр­ды. Бұл репетиторларды із­деу­ге және жеке онлайн сабақ­тар­ды таңдау­ға арналған қыз­мет. Плат­форма «TikTok» форма­тын­дағы бейнежазбалар арқы­лы оқы­тушыны жылдам таңдап береді.

Сонымен қатар финалға «AI-target 7s», «OcuWave», «qMedAI», «YerAI Mentor», «Project I Barsum», «Flyhunt.ai», «Zhancare» және «Argos» стартаптары да қатысты. Олар ЖИ, медицина, білім беру, рекрутинг, энергетика және қызметтерді цифрландыру саласындағы шешімдерін ұсынып, өзекті салалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын қорғады.

Іс-шара соңында барлық жеңімпаз бен қатысушылар серіктестер тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Азамат ҚҰСАЙЫН 

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар көлік жүргізіп келе жатып музыка тыңдау қауіпті екенін ескертті

Қоғам • Бүгін, 00:25

Отбасы банк Астанадағы жаңа деректер орталығына көшті

Қоғам • Кеше

Астанада жеңіл көлік автобус аялдамасына соғылды

Елорда • Кеше

Полиция: Маңғыстауда 362 нөміріне қатысты дүрбелең жоқ

Қоғам • Кеше

Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Сарапшылар 2026 жылы ең сұранысқа ие мамандықтарды атады

Жұмыс • Кеше

Жаңа жыл түніндегі жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды

Қылмыс • Кеше

Павлодарда ауыл тұрғындары тағы бір аққуды құтқарды

Табиғат • Кеше

ТЖМ тікұшағы кішкентай нәрестені орталық ауруханаға шұғыл жеткізді

Денсаулық • Кеше

Мадуро Нью-Йорктегі федералды сотқа жеткізілді

Әлем • Кеше

Педагогтардың 82%-ы қазіргі қоғамда ұстаз еңбегінің бағаланатынына сенімді

Білім • Кеше

Депутат: Халықтың қартаюы болашақ мәселесі емес, бүгінгі күннің шындығы

Партия • Кеше

Шығыс Қазақстанда руда базасы сарқылып жатыр

Парламент • Кеше

Аты аңызға айналған футболшы әрі бапкер Марат Есмұратов өмірден өтті

Спорт • Кеше

Министрлік интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью