Жеңімпаздар 1 млн теңгеден алады: оқушылар мен студенттер арасында байқау жарияланды

02.09.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында оқушылар мен студенттер арасында үздік бизнес-идеялар байқауы жарияланды. Жеңімпаздарға 1 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңесі бизнес-идеялар байқауын екінші рет ұйымдастырып отыр. Өтінімдер 22 қыркүйекке дейін қабылданады.

"Байқауға 18 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Қатысушылар өз идеясын төрт бағыттың бірі бойынша ұсынуы қажет: агроөнеркәсіптік кешен және қайта өңдеу, IT және жасанды интеллект, робототехника, экология және өңдеу өнеркәсібі", – делінген әкімдік хабарламасында.

Алдымен сарапшылар үздік 20 жобаны іріктейді. Финалға өткен қатысушылар өз жобаларын байқау комиссиясының алдында жеке қорғайды.

Байқауда төрт жеңімпаз анықталады. Әр бағыт бойынша үздік жоба иесіне 1 млн теңгеден беріледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью