Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды

13.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекет басшысы ғалымдарды Ақордада қабылдады. Осындай жақсы үрдіс соңғы екі-үш жылдан бері қалыптасып келе жатыр, сонымен бірге ғылымға көңіл бөлу де бұрынғыдан арта түсті. Биылғы конститутциялық реформа да ғылымға басымдық беру туралы айтылды. Сол үшін ғылым қазір мемлекетіміз үшін маңызға ие болды. Мысалы, Сингапур, Жапония елдерінде ғылымға стратегиялық деңгейде көңіл бөледі. Соның арқасында олар даму сатысына көтерілді. Біздің еліміз де қазір осы бағытқа қадам басты. Қазір Президент жанындағы ұлттық ғылым академиясы ғылыми маңызы бар үлкен жобаларды жүзеге асырып жатыр. Мысалы, Қытай елімен бірге «DeepBas» деп аталатын үлкен база жасауға кірісті. Сонымен бірге Оңтүстік Кореямен бірігіп «Silk Net» деген институт құрды.

Өзім саясаттану саласы бойынша маманмын. Осы салада докторлық қорғап, қазіргі жастардың мәдениетін, олардың қоғамдағы белсенділігін, саяси құндылықтарының қалыптасу мәселелерін зерттеп жүрмін. Өткен жылы АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетінің Орталық Азия бағдарламасы аясында шақырылған профессор ретінде бір жыл зерттеумен айналыстым. Сол зерттеулер аясында ғылыми мақалаларым халықаралық беделді журналда жарық көрді. АҚШ-та оқып жүргенде «The Diplomat» атты журналға «Димаш феномені және қазақстандық жұмсақ күш» деген аналитикалық мақала шығардық. Яғни Димаш Құдайбергеннің феномен ретінде әлемге танылуы туралы жаздық. Бұл мақала Димаштың жанкүйерлері тарапынан жылы қабылданды.

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Аталған журналға «Қазақстанның көпвекторлы саясаты және Тоқаевтың ондағы рөлі» атты мақалам да жарық көрді. Бүгінгі кездесуде Президент ғылымға қатысты жаңа бір бастама көтерді. Өткен жолы Қожа Ахмет Ясауи атындағы сыйлық тағайындаған болатын. Енді Әл-Фараби атындағы тағы бір сыйлық тағайындалатын болды. Бұл марапат ғылым саласына ерен еңбегі сіңген ғалымдарға беріледі. Бұл да бір жаңалықтың бастауы.

Жеңісбек ТӨЛЕН,

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы

Білім және қоғамды дамыту орталығының басшысы, PhD

Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды

Есірткі • Бүгін, 15:55

ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті

Спорт • Бүгін, 15:34

Балқаштан Алматы мен Астанаға тікелей рейстер іске қосылады

Қоғам • Бүгін, 15:25

Allur «Еңбек Жастары» волонтерлік қозғалысын іске қосты

Волонтер • Бүгін, 15:15

Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді

Спорт • Бүгін, 15:10

Атырау облысындағы тексерістен кейін полиция басшылары қызметінен шеттетілді

Аймақтар • Бүгін, 15:03

Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен тыс қалды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 14:42

Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды

Қоғам • Бүгін, 14:34

Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды

Спорт • Бүгін, 14:18

Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар

Үкімет • Бүгін, 13:57

«Қазсушар» филиалдарына 130 жаңа мотоцикл берілді

Қоғам • Бүгін, 13:31

«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 13:18

Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды

Логистика • Бүгін, 13:01

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 12:51

Елімізде қар жауып, күн күрт суытады

Ауа райы • Бүгін, 12:42

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью