Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Оның айтуынша, платформада 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, ал 66 мыңнан астам геологиялық есеп қолжетімді. Зерттелген аумақтардың 109 мың контуры карталанып, 1:50 000 масштабтағы карталау және сейсмобарлау жобаларының нәтижелері ашық жарияланады.
— Қазіргі уақытта перспективалы учаскелерді жылдам әрі дәл болжау үшін Big Data және жасанды интеллект жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл геологиялық барлау тәуекелдерін азайтып, инвестициялық шешім қабылдауды жеңілдетеді. Бастапқы геологиялық ақпараттың 97,5%-ы, яғни шамамен 4,7 млн электрондық форматқа көшірілді. Жобаны толық аяқтау 2028 жылға жоспарланған, — деді Қанат Ерубаев.
Осыған дейін Арал шөгінді бассейнінде жүргізілген геологиялық зерттеулер нәтижесінде мұнай мен газ қоры бар 20-дан астам перспективалы алаң анықталғанын жазған едік.