Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылымға арналған 1 пайыз аударымдары енді тікелей республикалық бюджетке түседі

15.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Энергетика министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру тәртібін қайта қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысының аударымдарды орталықтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (9-баптың 2-тармағы) сәйкестендіру мақсатында, көмірсутектер мен уран өндіретін жер қойнауын пайдаланушылар ғылымды қаржыландыруға арналған қаражатты енді тікелей республикалық бюджетке аударуға міндетті.

Осы мақсатта арнайы бюджеттік сыныптама коды бекітілді: 401103 — «Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары».
Тиісті өзгерістер 2025 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған бірлескен бұйрықпен бекітілді. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №244 «Көмірсутектер мен уранды өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» шешім қабылданды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью