Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сарапшылардың пікірінше, планетаның тұрақты дамуы үшін адам саны 2,5 миллиардтан аспауы керек еді.
Зерттеушілер соңғы екі ғасырдағы демографиялық деректерді саралап, Жердің сыйымдылық шегіне жеткенін мәлімдеді. Бүгінде әлем халқы 8,3 миллиардтан асса, ғасыр соңына қарай бұл көрсеткіш 12 миллиардқа жетуі мүмкін. Алайда ғалымдардың есебінше, Жер шары еш қиындықсыз асырай алатын оңтайлы халық саны — небәрі 2,5 миллиард.
— Біз қазір планетаның табиғи мүмкіндігін алдап, қазба отынының арқасында өмір сүріп отырмыз. Бірақ Жер ресурстарды жаңартып үлгермей жатыр. Қазірдің өзінде әлемде судың тапшылығы басталды. Егер тұтыну мәдениеті түбегейлі өзгермесе, миллиардтаған адам тұрақсыз жағдайға тап болады, — деп ескертеді зерттеу авторлары.
Мамандардың айтуынша, технологияның көмегімен халық санын жасанды түрде өсіру климаттың бұзылуына және экожүйелердің күйреуіне әкелді. Ғалымдар планетаны сақтап қалу үшін ресурстарды пайдалану тәсілдерін шұғыл қайта қарауды ұсынады.
Айта кетейік, бұған дейін Жер шары жылдам айнала бастағанын жазған едік.