Жерасты суын кешенді пайдаланудың тұжырымдамасы әзірленеді

13.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

– Жалпы, елде 4 мыңнан астам жерасты су көздері барланған, олардың бекітілген пайдалану қоры жылына 15,7 миллиард текше метр шамасында. Алайда қазір бекітілген қордың бар болғаны 7-10 пайызы ғана пайдаланылуда. Жерасты сулары жеткілікті зерттелмеген, қорлардың едәуір бөлігі барланбаған күйде қалып отыр, - деді ол.

Аталған көздердің нақты әлеуетін айқындау үшін қосымша ауқымды зерттеулер мен бағалау жүргізу қажет көрінеді. 

– Осыған байланысты, біз жерасты суларын кешенді пайдаланудың тұжырымдамасын әзірлеуді бастаймыз. Тұжырымдаманың жүзеге асырылуы жерасты суларын игерудің тиімділігін едәуір арттыруға, халықты және экономика салаларын ұтымды әрі тұрақты сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің су қорын сақтау мен дамытуға ықпал етеді, - деді министр.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын пысықтады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью