Жерді дұрыс игеру стратегиялық ұстаным

05.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кейде ақпарат құралдарынан малдың жайын білмейтін, егістікте еңбек етпеген адамдар мал шаруашылығына қатысты ақыл-кеңес айтып, түрлі нұсқау беріп жататынын байқаймыз. Меніңше, ұсыныс-пікірлерді осы саланы бүге-шігесіне дейін білетін тәжірибелі мамандар айтуға тиіс.

Өз басым кішкентай кезім­нен мал қайырып, ата-анама жәр­демдесіп өстім. Бұға­на­мыз қат­пай жатып, мал шаруа­шы­лы­ғының қыр-сырына қанықтық. Төрт жыл бойы мал бағып, одан кейін ауыл шаруашылығы институтының агрономия факуль­тетіне оқуға түстім. Ауыл шаруа­шылығы ғылымдарының кандидатымын.

Осы саланың кәнігі маманы ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы ауыл шаруа­шы­лығына қатысты мәселелерге үн қосқанды жөн көрдім.

Президент: «Жер иесіз қал­мау­ға тиіс, жерді оның қадірін білетін азаматтарға ғана беру керек», деп нақты айтты. Бұл – стратегиялық маңызы бар ұстаным. Жер – Жер-ананың аманаты, елдің басты байлығы. Сондықтан жерді пайдалану мәселесіне ерекше мән беруіміз керек. Әрбір ауылдық округ өз аумағындағы әрбір қадам жердің пайдалану есебін мұқият бақылауға міндетті. Ол үшін әрбір жер пайдаланушымен нақты келісімшарт жасалуға тиіс. Келісімшартта жердің көлемі, одан алынатын өнімнің мөлшері, сапасы мен есепке алынатын басқа да көрсеткіштер нақты көрсетілуі қажет. Құжат шаруашылықтың мөрімен бекі­тіліп, жер пайдаланушының қолымен расталуға тиіс.

Күзгі жиын-терім аяқтал­ған­нан кейін шаруашылық басшыларынан жазбаша есеп қабылданып, ауылдық кеңесте қорытынды жасалуы қажет. Есепте бірде-бір гектар жер назардан тыс қалмауға тиіс. Осылайша, әрбір ауылдық округ бойынша толық әрі нақты мәлімет қалыптасады. Мұндай есеп жүйесі барлық өңірде енгізілсе, мемлекет толыққанды әрі шынайы ақпаратқа ие болады. Заң мен тәртіп үстемдік еткен елде бұл көрсеткіштер мем­ле­кет­тің нақты айнасына айналады. Мемлекетке де, халыққа да керегі осы.

Алайда мұндай деңгейге жету үшін қосымша қызметтік құрылымдар қажет. Мәселен, әрбір ауылдық округте статист-маман болуы керек. Бұрын мұндай қызметкерлер болған, мемлекет оларды қамтамасыз еткен. Кейін бұл штаттар қысқартылды. Ал статист бар жерде жалған мәліметке жол берілмейді, көрсеткіштер бұр­ма­ланбайды. Кемшілік те, заңбұзушылық та айқын көрі­не­ді. Нақты есеп – әділдіктің негізі.

Жыл қорытындысы шыға­рыл­ған кезде барлық дең­гей­дегі әкімдердің жұмыс дең­гейі олардың жерді қанша­лық­ты тиімді пайдалана алғанына қарай бағаланғаны жөн. Баға жетпес бай­лықты дұрыс игере алмаған басшыға жоғары баға беруге болмайды. Жерді тиімді пайдалану басшы жұмысының басты өлшемі болуы қажет.

Кезінде Мемлекеттік жос­парлау министрлігі болды. Бұл құ­ры­лым барлық министрліктің жос­парлау үдерісін үйлестіріп отырды. Әр министрлік өз саласы бо­йынша жоспар жасайтын, ал Мем­лекеттік жоспарлау органы олар­ды республикалық деңгейде бірік­тіріп, бекітетін. Ал жоғары бас­шылық жыл бойы сол жос­пар­лардың орындалуын қада­ғалайтын. Бұл – мемлекеттік бұл­жы­мас тәртіп.

Ауыл шаруашылығы минис­трлігі де өңірлердің жоспарларын ғылыми және өндірістік тұрғыда дәлелденген көрсеткіштерге сай қалыптасуын қадағалауға тиіс. Жергілікті көр­сеткіштер ғы­лым мен өндірісте негіз­делген дерек­термен сәйкес болуы қажет. Сонда ғана жоспар нақты әрі орын­далатын болады.

Егер ел бойынша осындай жүйелі жұмыстар ұйымдас­ты­рылып, жер­дің мүмкіндігін то­лық пайдалана алсақ, тиіс­ті өнім көлеміне толық қол жеткіземіз. Нәтижесінде, еліміз мол табыс­қа ие болады, ішкі нарық қа­жетті ауыл шаруашылығы өнім­дерімен толық қамтамасыз еті­леді. Жерді дұрыс игеру – елдің азық-түлік қауіп­сіз­дігінің, эко­но­микалық тұрақ­тылы­ғы­ның негізі.

Нұрмахамбет АЙТУҒАНОВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Соңғы жаңалықтар

Тотықұс асырағанның ұпайы түгел

Кәсіпкер • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Ертістің ен тоғайына түлкі оралды

Жануарлар • Бүгін, 08:15

Көгерген нан да қажетке жарайды

Таным • Бүгін, 08:10

«Алан туралы аңыз» көрерменге жол тартады

Кино • Бүгін, 08:05

Дәстүрлі аспаптар шеруі

Өнер • Бүгін, 08:00

«Ұзын» ақша, токенизация және бірыңғай нарық – KASE көзқарасы

Қаржы • Кеше

Ораз Жандосов: Либералданбаған нарықтар мен алтынды «айналау» инфляцияны кұшейтіп жібереді

Қаржы • Кеше

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол жабылды

Ауа райы • Кеше

Түркия билігі Араб елдеріне әуе рейстерін тоқтатты

Әлем • Кеше

Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті

Саясат • Кеше

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Шиеленіс аймақтарынан 946 отандасымыз шығарылды

Әлем • Кеше

Конституциялық реформа: Ел дамуының жаңа кезеңі

Ата заң • Кеше

Ақмола облысында газ баллондарын тексеру жұмыстары күшейді

Аймақтар • Кеше

Түркия өз әуесінде Ираннан ұшырылған зымыранды жойды

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью