Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Super.kg порталына берген сұхбатында энергетика секторының бұрынғы басшысы Алексей Ширшов шетелде 11 жыл жүргеннен кейін елге қандай шарттармен оралғанын, мемлекетке қандай көмек көрсетіп жатқанын және кездесуден кейін кәсіпкердің қалай жылағанын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жапаровтың айтуынша, Ширшов шетелде 11 жыл болған. Президенттің пайымдауынша, қазір кәсіпкердің бұрынғыдай жеке қаржылық мүддесі жоқ, ал оның рөлі мемлекетке көмек көрсетумен шектеледі.
"Орның түрме болады"Жапаров әңгімелесу кезінде Ширшовқа мемлекет есебінен тағы байымайтынын ескерткенін айтты.
"2005–2010 жылдары жақсы байыдыңдар. Енді бұдан былай мемлекеттің байып, өркендеуіне үлес қосуларың керек. Егер әлі де бұрынғы әдеттеріңді қоймай, мемлекет есебінен одан әрі байимын деп ойласаңдар, онда қателесесіңдер. Орның түрме болады", - деп президент өз сөзін еске алды.
Жапаровтың айтуынша, Ширшов көмектесуге уәде берген. Сондай-ақ президент кәсіпкер мемлекеттік мекемелердің жұмысына енді араласпайтынын, ал Энергетика министрлігі қажетті бөлшектерді ол арқылы емес, тікелей зауыттардан сатып алатынын мәлімдеді.
"Бүгінде "ширшовтық схемалар" деген ұғым жоқ", - деді Жапаров.
Неге Ширшов президентпен кездесуден кейін жылап жіберді?Жапаров кәсіпкердің Қырғызстанға оралуын шетелде 11 жыл жүріп туған жерін сағынғанымен түсіндірді.
"Миллиардер болсаң да, өз еліңе бір күнге де келе алмасаң, миллиардтарыңның еш мәні қалмайды", - деді президент.
Жапаров кездесудің ерекше тұсын да айтып берді.
Алексей Ширшов туралы не белгілі?"Ол менің кабинетімнен шыққаннан кейін жерге жатып алып, көк шөпті иіскеп жылапты. Мұны кейін оның қасында жүргендер айтып берді", - деп толықтырды Жапаров.
Алексей Ширшов - "Дастан" ТҰК басқармасының бұрынғы төрағасы, сондай-ақ "Северэлектро" және "Электр станциялары" энергетикалық компанияларында жұмыс істеген. Оның есімі Қырғызстанның энергия жүйесіндегі проблемалармен және осы саладағы сыбайлас жемқорлықпен байланыстырылған болатын.
БАҚ Ширшовты Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиевтің жақын досы әрі қаржы кеңесшісі деп атаған. Садыр Жапаровтың айтуынша, 2005–2010 жылдары Ширшов мемлекет қаржысын, соның ішінде трансформаторлардың бағасын көтеру арқылы иемденген бұрынғы билік өкілдерімен сыбайлас болған.
2022 жылдың мамырында Ширшов мемлекеттік жылжымайтын мүлікті заңсыз шығару ісі бойынша ұсталды. Кейін ол үйқамаққа жіберілді.
Сол жылы Жапаров Ширшов хабарласқанын және Қырғызстанға Максим Бакиевке қатысты 200 миллион долларды қайтаруға көмектесуді ұсынғанын айтқан болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу