Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 34% ға дейін төмендейді

10.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту жөніндегі алға қойған міндеттеріне, Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарға сәйкес Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған іс-шаралар қабылдағанын атап өтті.

«Салық, тариф және бюджет саясатында, цифрлық және құрылыс секторларында, сондай-ақ әлеуметтік салада қабылданған шешімдер экономиканы дамытуға тосқауыл болып отырған құрылымдық диспропорцияларды жоюға бағытталды. Салық және бюджет реформасы Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді алмай-ақ, еліміздің үш жылдық бюджетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ол 2028-ші жылға қарай бюджет тапшылығын ішкі жалпы өнімнің 0,9%-на дейін қысқартуға ықпал етеді. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025-ші жылғы 50%-дан 2028 жылы 34%-ға дейін төмендейді», деді Олжас Бектенов.

Жүзеге асырылған реформалар кезеңінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың орнықты өсімін сақтап қалуға қол жеткізілді. Құндық мәнде ІЖӨ-нің өсуі $20,1 млрд-ты құрады.
Жалпы, 2025 жылы ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Экономикалық өсімді негізгі салалардың жедел дамуы қамтамасыз етті. Оның ішінде көлік – 17,8%-ға, құрылыс – 14,6%-ға, тау-кен өнеркәсібі – 17,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 12,2%-ға, сауда – 26%-ға және ауыл шаруашылығы – 5,9%-ға өсті.

Айта кетейік, дәл қазір Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жалдамалы пәтерден үш адамның мәйіті табылды

Оқиға • Бүгін, 10:02

Павлодарда жол күтіміне немқұрайды қарағандар жазаланды

Аймақтар • Бүгін, 09:51

Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз 6 спорт түрінен жүлдеге таласады

Қысқы спорт • Бүгін, 09:40

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Теңге • Бүгін, 09:36

Ақпанның ақтүтек бораны: Еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады

Ауа райы • Бүгін, 09:21

10 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:20

Көлік қатынасындағы нәтижелі жұмыстар

Экономика • Бүгін, 09:15

Қоғам сенім мен орнықты дамуға мүдделі

Реформа • Бүгін, 09:10

Ата заң жобасы: Талқылаудан – байыпталу кезеңіне

Ата заң • Бүгін, 09:05

Өндіріс экономиканың өрісін кеңейтеді

Экономика • Бүгін, 09:00

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Нариман Төреғалиев: Өңірдің әлеуеті жылдан-жылға артып келеді

Саясат • Бүгін, 08:50

Ғалымдар өзгерістерді қолдайды

Саясат • Бүгін, 08:48

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью