Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа агроөнеркәсіп кешенін дамыту шаралары туралы баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ірі жер иелеріне жаңа талапҮкімет басшысы 10 мың гектардан астам жері бар пайдаланушылар үшін мал шаруашылығын жүргізу міндетті талапқа айналатынын мәлімдеді. Егер бұл талап орындалмаса, жерді қайтарып алу шаралары қолданылуы мүмкін.
Бұл бастама ауылдағы тұрақты жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған.
Мал шаруашылығының өсімі баяуБектеновтің айтуынша, өсімдік шаруашылығы инвестициялар мен технологиялардың арқасында дамып келеді, ал мал шаруашылығының жылдық өсімі небәрі 2-3% деңгейінде. Бұл қарқын ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және экспортты ұлғайтуға жеткіліксіз.
Салада ветеринария, ғылым және кадр дайындау бағытында мәселелер бар.
Мал шаруашылығын дамытуға арналған кешенді жоспар әзірленді. Ол мыналарды қамтиды:
Жүгеріні терең өңдеу жобасыасыл тұқымды мал алуға жеңілдетілген несие;
сала мамандарының балаларына білім гранттары;
көшпелі мал шаруашылығын дамыту және қолдан ұрықтандыру технологияларын енгізу.
2026 жылы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдейтін ірі өнеркәсіптік парк іске қосылады. Жоба қытайлық Fufeng Group компаниясына тиесілі.
Жаңа зауыт жыл сайын 3 млн тонна жүгеріге кепілді сұраныс қалыптастырады. Қазір Қазақстанда шамамен 1 миллион тонна жүгері өндіріледі. Жоба треонин мен глутамат өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.