Жерлесіміздің 20 жетістігі

07.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазір еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның тасы өрге домалап тұр. Өткен жылдың соңында қорытынды турнирде жеңімпаз атанса, жаңа жылдың басында «Australian Open» турнирінде әлемнің ең мықты теннисшілерін тегістей ұтып, бас жүлдені олжалады. Осы жарқын жеңістен кейін Tennis.com порталы жерлесіміздің соңғы жылдардағы 20 жетістігін тізбектеп шыққан екен. Енді соған назар аударайық.

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Отандасымыз «Үлкен ду­лыға» санатындағы турнирде екін­ші мәрте топ жарды. Алғаш рет осыдан төрт жыл бұрын Лондонда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұратын «Уимблдон» додасында алдына жан салған жоқ. Күні бүгінге дейін кортта жүрген үш теннисшіге ғана «Үлкен дулығаның» екі бірдей төсенішінде – шөп пен харда бас жүлдені иелену бақыты бұйырды. Олар – Винус Уильямс, Ига Швёнтек, Елена Рыбакина. Қазір өнер көрсетіп жүр­ген­дер арасынан «Уимблдон» мен «Australian Open» екеуінде де жеңіске жеткен жал­ғыз ойыншы бар. Ол – Рыба­кина. Кейінгі сегіз жылда WTA-ның қорытынды турнирі мен «Aus­tralian Open» додасын қатар ұт­қан тек Елена. 2017, 2018 жылдары дәл сондай табысқа даниялық Ка­ро­лина Возняцки қол жеткізген еді. Мельбурнде өзінің 12-титулын олжалады. Осыған дейін «Үлкен дулыға», WTA 1000 мен WTA 250 жарыстарында 2 рет, WTA-ның қорытынды турнирінде 1 мәрте, WTA 500 бәсекесінде 5 рет теңдессіз деп танылды. WTA турнирлерінің фина­лында қатарынан бесінші рет же­ңіске жетті. Бұл сәтті серия 2024 жылдың сәуір айында Гер­манияда басталған еді. Жалпы финалдарда 12 рет басымдық танытып, 11 рет есе жіберді. Елена әлемнің бірінші, екін­ші ракеткаларымен түрлі жа­­рыста жолдары жиі қиысып жүр. Ига Швентекпен 12 рет кез­де­сіп, әзірге есеп тең – 6:6. Арина Собо­лен­коның бір жеңісі артық – 7:8. Соболенко мен Швентек әлемнің бірінші ракеткалары атанып отырған тұста да жерлесіміз оларды көбіне-көп ұтты. Есеп – 9:4. Жоғарыда есімдері атал­ған Беларусь пен Польша тен­нис­шілері WTA рейтингінде көш бас­тап тұрғанда олардың екеуін тек Рыбакина ғана жеңді. 2023 жылдан бері А.Со­бо­ленко жасыл құрлықтағы жа­рыста тек Еленадан ғана екі рет ұтылды. Әлемнің бірінші ракеткаларымен жолы 15 рет қиысқан жерлесіміз соның тоғызында жеңіс тойын тойлады. Жер-жаһанның ең үздік ойыншыларымен өткен кездесудегі жеңіс коэффиценті 60%-ды құ­рай­ды. Бұл – WTA тарихындағы ең үздік көрсеткіш. Кейінгі 17 жыл ішінде «Үл­кен дулығаның» бір турнирде әлем­нің бірінші, екінші ракеткала­рын қатарынан ұтқан екі ойыншы ғана болды. Солардың бірі – Рыбакина. «Australian Open» жарысында WTA рейтингінде көш бастап тұрған қос мықтыны ұту ба­қыты төрткүл дүниенің төрт тен­нис­шісіне ғана бұйырды. Со­лардың қатарында Елена да бар. Бүгінде теңдессіз деп та­ныл­ған теннисшілерді WTA дең­гейіндегі додаларда үш рет жеңді. ТОП-10-дықтың қатарында жүрген үздіктерді қатарынан 10 кездесуде ұтты. ТОП турнирлердегі соңғы 21 кездесудің 20-сында жеңіске жетті. Былтырғы «Уимблдон»-нан кейін 45 рет кортқа шығып, 38 рет қарсыласын қапы қалдырды. Биылғы маусымда эйс жасау жағынан жеке-дара көш бас­тап тұр. Оның қақырата соққан соқ­қылары 69 мәрте діттеген жері­не дөп түсті. Сол эйстердің 47-сі Аустралияның ашық бірінші­лігінде жасалды. Мельбурндегі жарқын жеңісінің арқасында қайта ТОП-3 теннисшінің қатарына қосылды. 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды

Қазақстан • Кеше

АҚШ Ирандағы мектепке жасалған соққыға қатысы бар екенін мойындады

Әлем • Кеше

Референдум: Таяу Шығыс елдеріндегі учаскелер уақытша жұмыс істемейді

Референдум • Кеше

Қазақстан мен Түркия министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Саясат • Кеше

Air Astana 7,8 және 9 наурызда Сауд Арабиясынан отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырады

Оқиға • Кеше

Мереке күндері ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар қалай жұмыс істейді?

Қоғам • Кеше

Мемлекет басшысы мерекелік концертке барды

Президент • Кеше

Елімізде қазір қай жолдар жабық тұр?

Оқиға • Кеше

Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала таныса алады

Ата заң • Кеше

Президент әйелдер қауымын мемлекеттік наградамен марапаттады

Президент • Кеше

Ғалым әйелдер академик Нәйлә Базанова атындағы құрмет белгісімен марапатталды

Ғылым • Кеше

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президентімен кездесті

Президент • Кеше

Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі банкноттарды пайдалану мерзімін ұзартты

Қаржы • Кеше

Қазақстанда қанша әйел тұрады?

Халық • Кеше

Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью