Жетім көңілді жұбаттың… : Нұрғали Нүсіпжанов желіде ерекше жазба жариялады

07.02.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Елге танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов желідегі парақшасында ерекше жазбасын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Көке, мен қазір қара жерді басуға қаймығам. Өйткені, астында ата-анам жатыр ғой,- дейді Жадырам…
Жүрек тоқтап қалардай күй кештірген сәттен көңіл шайға шақырған өзің құтқардың,Қайнар қарағым.
Жадырадай қазақтың талантты қызын студент кезінен танығаныңды, Ұлттық арнаға университет қабырғасында жүргенде жұмысқа алғаныңды естіп-біліп жатырмын, Айналайын.
Көрегенділігіңді тағы көрсеттің, Көкем. Шәкіртіңе жұбату шайын ұйымдастырдың.Әлбетте, мәселе ішіп-жемде емес.
Гәп-көңілде…
Сен жетім көңілді жұбаттың…Қамыққан қарындасқа қалқан болдың…
Жабыққан жанның қасынан табылдың…
Өзіңе: Ұстазым,-деп сөйлейтін бір жапырағың, Әкеме барамыз,- деді…
Көзімнен бір тамшы жас ыршып түсті…
Қамкөңіл Жадырамның-Асқар тау Әкесін, асыл Анасын қаншалықты аңсап, сағынып жүргенін ұғындым…
Мейірімге толы жүрегіңе, қамқорлыққа толы жан-дүниеңе бас идім, Қайнар Қалқам…
Ұстаз деген ұлы есіміңнен айналып қана кетейін, Бұқаралық Ақпарат Құралының құлагері!
Қайда жүрсең аман жүр, Қазақ Телевизиясының ҚАЙНАРЫ!
Өзің шамшырағын жаққан шәкірттер үшін де, аға буын біз үшін де қымбатсың журналистика жүйрігі Қайнар ОЛЖАЙ!
Жұма мүбәрәк болсын, Жамағат!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью