Жетісайда қауын пісті: Шаруалар егістіктен 65 тонна өнім жинады

18.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы шаруалар биылғы алғашқы қауын өнімін жинай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Әл-Фараби» шаруа қожалығы егістіктен 65 тонна қауын жинады. Алғашқы өнімін жинаған диқандар биыл егіс алқаптарына судың тұрақты жеткізілгеніне риза. 

«20 гектар жерге қауын ектік. Су жеткілікті болды, ешқандай тапшылық көрген жоқпыз. Су үздіксіз берілді. Уақытылы суарудың арқасында мол әрі ерте өнім алып отырмыз», дейді шаруа қожалықтың төрағасы Әл-Фараби Анарбайұлы.

Жыл басынан бері Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне 1 млрд текше метрден астам су берілген. Оның 293 млн текше метрі Жетісай ауданына тиесілі. Ауданда бақша дақылдарын суаруға 49 млн текше метр су жіберілді. Қазір бақша дақылдарын суару жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, биыл шаруалар үшін дизель отынының бағасы литріне 263 теңге деңгейінде бекітілді. Алайда түпкілікті бағаны өңірлік операторлар анықтайды, ол литріне 281 теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларында жарақат алған шетелдік турист құтқарылды

Құтқарушы • Бүгін, 10:10

АҚШ Иранға келіссөзді қайта бастау үшін жаңа талаптар ұсынды

Әлем • Бүгін, 10:00

Қазақстанда тексеру жабдықтарын шығаратын жаңа өндіріс ашылады

Өндіріс • Бүгін, 09:52

Алматыда нан бағасы бекітілді: Бір бөлке нан қанша теңге тұрады?

Алматы • Бүгін, 09:47

Павлодар алюминий зауытында төтенше жағдай болды: 2 жұмысшы зардап шекті

Оқиға • Бүгін, 09:38

18 мамырға арналған валюта бағамы

Қаржы • Бүгін, 09:28

Қазақстанда 286 музей бар: 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған

Мәдениет • Бүгін, 09:19

Зеленскийдің жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Әлем • Бүгін, 08:46

«Қайрат» көш бастап тұр: Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры қорытындыланды

Футбол • Бүгін, 08:33

25 адам құтқарылды: Көкшетауда паром көлдің ортасында тұрып қалған

Оқиға • Бүгін, 08:15

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 08:00

LRT-ны тоқтатқан жолаушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Президент бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Кеше

АҚШ-та дүлей дауыл 60 миллион адамға қауіп төндіріп тұр

Әлем • Кеше

Қазақстан тарихының алтыншы томы бекітілді

Руханият • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью