Жетісайдағы трагедия: полиция қылмыстық іс қозғады

18.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай ауданында болған өрттен кейін "өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Еске сала кетейік, жеке үйде болған өрттің салдарынан 12 адам қаза тапты, оның ішінде 9 бала бар. Өртті барлау және сөндіру кезінде үйден ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Көршілерінің айтуынша, үйде қонақтар болған. 360 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью