Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Арнайы экономикалық аймақтың бас директорының міндетін атқарушы Шыңғыс Мақашевтің айтуынша, 38 жоба пайдалануға беріліп, тағы 27 жоба кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр.
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі– Арнайы экономикалық аймақтағы маңызды жобаларының бірі – KTZE Khorgos Gateway Құрғақ порты. Қазіргі уақытта құрғақ портты кеңейту жұмыстары аяқталды. Онда 2 жол жаңартылып, 8 қосымша жол салынды. Нәтижесінде терминалдың қуаты жылына 540 мыңнан 800 мың контейнерге дейін яғни, бір жарым есеге артты. Сонымен қатар АЭА аумағында жалпы сыйымдылығы 70 мың бірлік автокөлік құралдарына дейін жететін, 19 уақытша сақтау қоймасын қамтитын логистикалық инфрақұрылым жұмыс істейді, - дейді ол.
Аймақта жыл соңына дейін «Standart steel KZ» ЖШС металлургиялық кешені жаңғыртудың 3-кезеңі іске асырылады. Өндіріс орны директорының орынбасары Дәурен Сақтағановтың айтуынша зауыт арматура өндірісіне бағытталған.
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі– Арматура кез келген құрылысқа қажет болғандықтан жыл басынан жұмысты бастап кеттік. Біздің басты мақсат – өзіміздің шикізат, қара темірден арматура шығару. Бүгінде металлургиялық кешенде 80-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Алдағы уақытта өнім санын арттыру жоспарда бар, - дейді Д. Сақтағанов.
Бұдан бөлек, «Nomade Invest» ЖШС «Қорғас-Шығыс қақпасы» теміржол инфрақұрылымын құру жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жеңіл автомобильдерді бастапқы тіркеу және азаматтарға кеңес беру, Қытай Халық Республикасынан әкелінетін көлік құралдарын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға бағытталған мамандандырылған сектор құру, яғни арнайы халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланып отыр.
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіТағы бір айта кетерлігі «Қорғас-Шығыс қақпасы»АЭА-да Германияның «Skyhansa» компаниясымен бірлесіп, халықаралық әуежай салу қолға алынуда. Заманауи әуежай 50 мың тонна жүк тасымалдап, сағатына 500 адамға дейін өтуге мүмкіндік береді. Жалпы, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында іске асырылатын инвестициялық жобалар әртүрлі салаларда жаңа кәсіпорындар ашуға және жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
– Президент ел экономикасын дамыту мақсатында инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырған болатын. Осы бағытта «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА әлеуетті инвесторларды тартуға жағдай жасап, қарқынды жұмыс істеуде, – деп атап өтті Шыңғыс Мақашев.