Жетісу облысында 3 жасар баласын соққыға жыққан әке ұсталды

03.02.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Көрнекі сурет

Жетісу облысында алкогольдік масаң күйдегі ер адам 3 жасар баласы мен әйеліне ауыр соққы көрсеткен. Оқиға Талдықорған қаласында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі таңда анасы мен сәбиі облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр. Аталған жайтқа байланысты облыстық Полиция департаменті ресми ақпарат таратты.

Полицияның мәліметінше, 2 ақпан күні сағат 21:00 шамасында «102» нөміріне медициналық мекемеден үш жасар баланың зорлық-зомбылық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың әкесі тұрғылықты мекенжайы бойынша алкогольдік масаң күйде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта анасы баласымен бірге медициналық мекемеде, жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау мақсатында тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бүгін, 09:54

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью