Жетісу облысында 500 келіден астам киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды

21.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Жетісу облысында 500 келіден астам киік мүйізінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Жануарлар дүниесі объектілерінің заңсыз айналымының жолын кесу бағытында жедел іс-шаралар Панфилов ауданы аумағында өткізілді. Нәтижесінде 6 күдікті ұсталды.

"Сыртқы белгілері бойынша киік мүйізіне ұқсас 1,6 мыңнан астам зат анықталып, олардың жалпы салмағы 500 келіден асатыны белгілі болды. Аталған заттардың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша сирек кездесетін жануарлардың дериваттарын заңсыз өткізу арнасының жолы кесіліп, жануарлар дүниесіне келтірілуі мүмкін залалдың алдын алу қамтамасыз етілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, өткізу арналары және өзге де қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью