Жетісу облысында әйел мысығын кір жуғыш машинада айналдырған

22.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Жетісу облысында әйел өз мысығын кір жуғыш машинада айналдырған.

Мысықтың тұрмыстық техника ішінде отырған және айналып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарап, бұл әрекетке адамдар наразылық білдірді.

Полиция әйелді анықтады. Жетісулық тұрғын бұл әрекетін жай ғана қалжың ретінде жасалған "пранк" деп түсіндірді. Ол машина ішінде су болмағанын және бір рет қана айналғанын айтып ақталды.

"Тексеру барысында мысықты ветеринар дәрігер тексерді. Маманның қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта жануардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", - деді полицияда.

Дегенмен, бұл жағдай бойынша мысық иесі жануарға қатыгездік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью