Жетісу облысында бірнеше көлік жол апатына түсті

22.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Жетісу облысында бірнеше көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Chevrolet Monza жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан тіркемесі бар IVECO жүк көлігімен соқтығысқан.

Iveco аударылып, Mazda көлігін басып қалды. Соқтығысып қалудан қашқан Hyundai Sonata жолдан шығып кеткен. Оқиғаны бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда жүргізушілердің бірі екі көліктің арасына қысылып қалғаны түсірілген.

Полицияның айтуынша, апат кезінде қаза болғандар жоқ, Mazda және Chevrolet Monza жүргізушілері түрлі жарақатпен медициналық мекемелерге жеткізілді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью