24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Жетісу облысында вирустық инфекция жұқтырғандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда жеті пайызға өсіп кетті. Сала мамандарының мәліметі бойынша, биылғы эпидемиологиялық маусымда 16 мың адам тұмауратқан. Олардың тең жартысынан астамы - балалар мен жасөспірімдер.
Аурудың алдын-алу үшін жергілікті бюджет есебінен 82 мың дана вакцина сатып алынған. Қыркүйек айынан бері аудан-қалаларда иммундау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вакцина алдымен созылмалы ауруы бар азаматтарға, жиі ауыратын егде жастағы тұрғындарға, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне егіледі.
Индира Күнбасова, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Вакцинация 85 пайызға орыналып отыр. Яғни халықтың 12 пайызын қамтуға жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 69 мың 447 адам вакцинациямен қамтылды. Оның ішінде 22 пайызы балалар.