Жетісу облысында көлігі бұзылып, орта жолда қалып кеткен екі адам құтқарылды

10.01.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алакөл ауданында, "Достық–Үшарал" тас жолының 15-шақырымында құтқарушылар жолда қалған азаматтарға көмек көрсетті. Жеңіл автокөлік жолда бұзылып, екі адам жол бойында қалып кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен Жетісу облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының күшімен екі адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ тұрғындардан жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, тас жолдарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. 

Бұған дейін Алматыда өртенген пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен 95 жастағы кейуана құтқарылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью