Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанда 31 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 11:11-де жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 273 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Жер сілкінісінің магнитудасы 5,4-ті құрады, ошағы 10 шақырым тереңдікте болды», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жер асты дүмпулері Жетісу облысында, атап айтқанда Жаркент, Текелі қалалары мен Жансүгіров ауылында сезілді. Онда тербеліс қарқындылығы шамамен 2 балды құраған.
Қызметтердің мәліметінше, зардап шеккендер немесе қираулар туралы ақпарат жоқ. «112» нөміріне тұрғындардан да ешқандай өтініш түспеген.