Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынды

24.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жетісу облысында мал ұрлығы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

14 желтоқсанда Жетісу облысы Кербұлақ ауданының полиция бөліміне Шұбар ауылының тұрғыны арызбен жүгінді. Оның мәліметінше 13 желтоқсанға қараған түні белгісіз тұлғалар екі бұзауын ұрлап, салдарынан 600 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

– Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде 41 жастағы жергілікті тұрғын күдікті ретінде анықталып, ұсталды. Оның тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында Toyota Land Cruiser автокөлігінен суық және атыс қаруы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Тергеу барысында екі бұзауды күдіктіден 200 мың теңгеге сатып алғанын айтқан куәгер де анықталды. Ұрланған мал заттай дәлелдеме ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар қылмыстың алдын ала сөз байласу арқылы жасалғаны белгілі болды. Құқыққа қайшы әрекетке 29 және 25 жастағы тағы екі жергілікті тұрғынның қатысы бар деген күдік туындады. Аталған тұлғалардың осыған ұқсас бірнеше қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр. Атап айтқанда 3 желтоқсанда күдіктілер Шұбар ауылының тағы бір тұрғынынан үш ірі қара малды ұрлап, 1 млн 200 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Бұдан бөлек 14 қарашада өзге бір ауыл тұрғынынан құны 1 млн 500 мың теңгеге бағаланған үш мал қолды болған. 

– Қазір барлық күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полиция олардың аудан аумағында жасалған өзге де қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Мал ұрлығымен күрес – ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі. Мұндай әрбір құқық бұзушылыққа заң аясында қатаң әрі принципті баға беріледі, – деп атап өтті Жетісу облыстық ПД.

Соңғы жаңалықтар

Сарыағаштың бас шыршасын қиратқан жүргізуші ұсталды

Қоғам • Бүгін, 00:33

Головкин аңыз боксшылармен бір тізімге енді

Спорт • Кеше

Ресейде Whatsapp жұмысына шектеу қойылды

Әлем • Кеше

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

Аймақтар • Кеше

Павлодарда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Тағайындау • Кеше

Маңғыстаудың жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97%-ы жақсы жағдайда

Инфрақұрылым • Кеше

Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады – Қазгидромет

Ауа райы • Кеше

Соңғы үш жылда Маңғыстау облысына 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған

Инвестиция • Кеше

Павлодарда мемлекеттік құпия мәліметтерді жинаған колонияның бұрынғы басшысы сотталды

Заң • Кеше

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

Президент • Кеше

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асып жатыр

Табиғат • Кеше

«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарына 20 трактор табысталды

Ауыл • Кеше

Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынды

Қоғам • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті

Президент • Кеше

Атырауда арнайы экономикалық аймақ инвесторлары кедергіге тап болған

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью