Жетісу облысында мұғалімдерге 72 млн теңге қарыз өтелді

30.03.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жетісу облысының прокуратурасы қызметкерлердің конституциялық құқықтарын қорғауға және еңбек заңнамасының сақталуына ерекше көңіл бөледі.

Панфилов ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында аудандық білім бөлімі мұғалімдердің іссапар шығындары бойынша 72 млн теңге сомасында берешек болған.

Өтемақылардың уақтылы төленуі азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің міндетті шарты екенін ескере отырып, аудан прокуратурасымен уәкілетті органның атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде аталған берешек толықтай өтелді. 492 педагог тиісті төлемдерін толық көлемде алды.

Айта кетелік павлодарлық дәрігерлерге прокуратураның араласуымен 15 млн теңге жалақы қайтарылған еді

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью