Жетісу облысында сел салдарынан республикалық маңызы бар жол бүлінді

25.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында сел салдарынан республикалық маңызы бар "Сарыөзек – Көктал" жолының кейбір учаскелері бүлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, 24-25 тамыз күндері Панфилов ауданында жауын-шашын көп жауған. Таулы жер бедерінің ерекшелігіне байланысты су ағыны күшейіп, жолдың жекелеген учаскелерін бүлдіріп тастады.

"Лай-тас ағындары жолдың жүру бөлігін кесіп өтіп, кей жерлерде жол жиегі мен жер төсемін шайды, сондай-ақ қоршау элементтері зақымданды. Шағын көпірлер мен су өткізу құрылыстарының маңына лай мен тас жиналып, кейбір су бұру арықтары келген су көлемін толық өткізе алмады", - дейді компания мамандары.

Қазіргі кезде тау беткейлерінен судың аққаны тоқтады. Жолдың жүру бөлігінде су тасу деректері жоқ, судың деңгейі төмендеді. Ал жол қызметтері жауын-шашын салдарын жою жұмыстарына кірісіп кетті. Жолдың жүру бөлігін жол жиектері, су бұру арықтары, шағын көпірлер мен су өткізу құрылыстары лай-тастан тазартылады.

Сонымен қатар шайылған жер төсемі мен жол жиектерін нығайту, су бұру жүйесін қалпына келтіру және зақымданған қоршау элементтерін жөндеу жұмыстары атқарылады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью