Жетісу облысында шекарадағы ауданда 200 үй салынды

31.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жетісу облысының Панфилов ауданында биыл 200 жер үй салынып, кезекте тұрғандарға берілді. Жалпы кейінгі екі жылда 800 пәтер ел игілігіне тапсырылды. 

Аудан бойынша әлі 8 мың адам баспана кезегінде тұр. Тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы Қытаймен шекаралас аймақтағы әлеуметтік мәселені шешуге мүмкіндік берді. 

Жаркентте тұратын алты баланың анасы Нұргүл Советханқызы 14 жыл бойы   жалдамалы пәтер жағалап келді. 2019 жылы баспана кезегіне тіркеліп, мемлекеттік бағдарлама арқылы үйлі болды. 

Нұргүл Советханқызы, Жаркент қаласының тұрғыны:

- Бұрын пәтер жалдап жүргенде алты баламен ешқайда алмайтын. Үй иесі жоқ пәтерді іздейтінбіз. Ал қазір өте қуанамын. Аллаға шүкір. Жаман емес, үй жылы. Мектеп те, балабақша да жақын.

Нұркент қалашығында да жер үйлер салынды. Одан бөлек, 60 пәтерлік екі көпқабатты ғимарат тұрғызылды. Құрылысы аяқталған нысандар жақында пайдалануға беріледі.

Дидар Ешенов, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары:

- 2023 жылы 180 пәтерді берсек, 2024 жылы 620 пәтерді пайдалануға берген болатынбыз. 2025 жылы 320 пәтер бізде дайын тұр. Оның ішінде 120 пәтері  кредиттік тұрғын үй, одан бөлек, 200 тұрғын үйлерді сатып алдық.

Панфилов ауданы бойынша 8 мыңнан аса адам баспана кезегінде тұр. Әлеуметтік санаттағы азаматтар үшін келесі жылы 400 үй салу жоспарланып отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью