Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді

02.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгін Жетісу облысы Сарқан ауданының Тополевка ауылы маңындағы «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ерекше табиғи құбылысқа арналған «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауқымды іс-шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, экологиялық туризмді дамытуға, табиғи мұраны насихаттауға және әлемдік маңызға ие Сиверс жабайы алмасының табиғи қорын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Фестивальге 7 мыңнан астам адам қатысып, іс-шара аясында 50-ден астам блогер мен инфлюенсер Жетісу өңірінің туристік әлеуетін кең аудиторияға танытуға үлес қосты.

Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті

Айта кету керек, Жетісу облысы – жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі саналатын Сиверс жабайы алмасының негізгі табиғи таралу аймақтарының бірі. Ғалымдардың бағалауынша, аталған бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48 пайызы осы өңірде шоғырланған.

Фестиваль аясында қонақтарға гүлдеген Сиверс алма алқаптарын тамашалау мүмкіндігі ұсынылып, pleinair форматындағы суретшілер байқауы, мәдени-көпшілік іс-шаралар, ұлттық спорт ойындары, қолөнершілер көрмесі, шеберлік сағаттары және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Бағдарламаның маңызды бөлігінің бірі халықаралық шығармашылық жоба болды. Оның аясында Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және Қазақстаннан келген суретшілер өз туындыларын ұсынып, көрме қорытындысы бойынша мәдени байланыстарды дамытуға және өңірдің табиғи мұрасын өнер арқылы насихаттауға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді

Фестивальдің басты музыкалық қонақтары Bayansulu мен Қуандық Рахым өнер көрсетіп, мерекелік кештің шырайын аша түсті.

Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесіне енген фестиваль өңірдің туристік имиджін нығайтуға, ішкі және келу туризмін дамытуға, сондай-ақ Жетісудың бірегей табиғи әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуге ықпал ететін маңызды мәдени-туристік алаң ретіндегі орнын тағы бір мәрте айқындады.

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті

Елорда • Бүгін, 21:59

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?

Спорт • Бүгін, 17:32

Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады

Елорда • Бүгін, 17:27

Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі

Спорт • Бүгін, 17:10

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 16:50

Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр

Спорт • Бүгін, 16:22

Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 15:52

Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді

Әлем • Бүгін, 15:29

Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады

Қоғам • Бүгін, 14:59

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Аймақтар • Бүгін, 13:06

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды

Аймақтар • Бүгін, 12:30

Биыл елімізде әскери парад өтпейді

Әскер • Бүгін, 12:12

Президент Қазақстан азаматын босатуға қалай көмектесті: Үш ел басшысымен жүргізілген келіссөздің мән-жайы айтылды

Президент • Бүгін, 11:38

Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды

Аймақтар • Бүгін, 11:12

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью