Жетісу облысында ЖИ көмегімен алаяқтық жасағандар ұсталды

15.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жетісу облысында жасанды интеллектіні алаяқтыққа пайдаланған жасөспірімдер анықталды.

Кәмелетке толмаған үш тұрғын арнайы технологияның көмегімен банктік чектерді қолдан жасап, саудагерлерді сан соқтырған.  Кәсіпкерлер шотқа ақша түспегенін байқап, құзырлы органдарға шағымданған. Қазір аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Мамандар азаматтарды барынша қырағы болуға үндейді. Жетісу облысының прокуратурасы  кәсіпкерлерді сақ болуға және кез келген төлемді банктің ресми қосымшасы арқылы тексеруге шақырады.

Жанар Калыкова, Жетісу облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Қаратау ауданының полиция қызметкерлері 3 күдіктіге қатысты қылмысты сотқа жолдады. Олар қылмыс жасаған кезде 18, 17 және 16 жаста болған. Тергеу барысында күдіктілер алдын ала сөз байласып, топ болып, әрекет еткені анықталды. Бірнеше сауда нысанына 80 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Қазіргі уақтта іс сотқа жолданып, күдіктілердің әркетіне баға беріледі.  

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью