Жетісу облысында жол апатынан 5 адам мерт болды

24.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30–да Жетісу облысы Ақсу ауданында «Көшкентал — Қапал» автожолының 4-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан. Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы шығып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілуп жатыр.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылып жатыр. Тергеп-тексеру барысы Департамент басшылығының бақылауында. Полиция қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police)

Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбай, арақашықтықты сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Осыдан бұрын Ақтау қаласынан Бейнеуге бағыт алған автобус апатқа ұшырап, 4 адам мерт болғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью