Жетісу облысында жүкті әйелдің өліміне байланысты арнайы комиссия құрылды

11.01.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Облыстық перинаталдық орталықтың директоры Назгүл Иманғалиеваның айтуына қарағанда, тексеруді Жетісу облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитеті тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізіп жатыр.

– Науқастың өліміне байланысты арнайы комиссия құрылып, Жетісу облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитеті тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық материал құқық қорғау органдарына берілді, сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Кешенді тексеру мен сот-медициналық сараптама аяқталған соң көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен дер кезінде көрсетілуіне баға беріліп, тиісті шешімдер қабылданбақ. Сараптама мен тексерудің барлық нәтижесі марқұмның туыстарына ұсынылады, - деді Назгүл Иманғалиева.

Еске салайық, бұған дейін редакциямызға марқұм әйелдің туған әпкесі хабарласқан еді.

Туыстарының айтуынша, науқас 2025 жылдың желтоқсан айында ауруханаға жатқызылған, содан кейін оның жағдайы күрт нашарлаған. Отбасы медициналық құжаттардағы сәйкессіздіктерге назар аударып, емдеу тактикасының дұрыс болғанына күмәнданып отыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс те қозғалды. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью