Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Полицияның мәліметінше, жаңа аппараттық-бағдарламалық кешендер «Ekin BOX SPOTTER» деп аталады. Олар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов және Сарқан аудандары аумағына орналастырылған. Әр ауданда бес жылдамдық өлшегіш кешен іске қосылған.
Бұл камералар автоматты режімде жұмыс істеп, жылдамдықты асыру фактілерін тіркейді.
Ведомствоның мәліметінше, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда «ZEREK-2», «VIDAR SPEED-R», «Сергек» және «МЕРГЕН» жүйелері де жұмыс істейді. Бұл камералар жылдамдықты асырумен қатар қарсы жолаққа шығу, жол таңбасын сақтамау секілді өзге де құқық бұзушылықтарды анықтайды.
Полиция мұндай шаралар жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қабылданып жатқанын атап өтті.
– Жүргізушілерді жылдамдық режімін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамыз. Жолдағы мұқияттылық пен жауапкершілік адам өмірін сақтауға көмектеседі, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Қазіргі таңда Жетісу облысы аумағында құқық бұзушылықтарды тіркейтін және бейнебақылау жүргізетін 2356 камера жұмыс істейді.
Айта кетейік, Астанада бейнебақылау камераларының саны бір жылда екі есеге артты.