Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Талдыбұлақ сақ қорғандарында жергілікті тұрғындар жер қазып жатқан ауыр техниканы байқаған. Облыстық полиция жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Археологтар емес пе?
Әлеуметтік желілерде видео жарияланды, онда далада жүрген трактор көрінеді, кей жерлерде топырақ қазылған. Видео авторы оқиға Талдыбұлақ сақ қорғандарында болып жатқанын айтады.
"Талдықорғанның Талдыбұлақ ауылындағы сақ қорғандарын техника қазып жатыр. Бұл археологтардың ісі емес қой", - деп жазды ролик авторы.
"Вандализм"Жетісу облысының әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді:
"14 қазанда әлеуметтік желілерде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округінде орналасқан археологиялық қорған аумағында ауыр техниканы қолданып, заңсыз жер жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат тарады. Қатысы бар тұлғаларды жауапқа тарту мақсатында құқық қорғау органдарына жолдау үшін қажетті материалдар дайындалды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Әкімдік мәліметінше, қазір учаскедегі барлық жұмыс тоқтатылған.
Ал өңірлік полиция департаменті вандализм фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
Сақ қорғандарыЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне сәйкес, Кербұлақ ауданы Шұбар ауылы маңында қола дәуіріне жататын бірнеше археологиялық нысан - қорғандар тіркелген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу