Жетісу волейбол клубы оныншы рет Қазақстан чемпионы атанды

11.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Кеше Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы «Жетісу» (Талдықорған) командасы «Қуанышты» (бас бапкері Юрий Панченко) 3:2 есебімен тізе бүктірген еді.

Бұл жолы алғашқы екі партияда сербиялық маман Марко Гршичтің шәкірттері басымдылық танытты — 25:13, 25:21.

Үшінші сетті Орал волейболының түлегі, «Қуаныш» және Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Сана Анарқұлова бастаған солтүстікқазақстандықтар өз пайдасына жазды — 25:21.
Төртінші сетте «Жетісудың» капитаны, ресейлік Мария Фролова жеңіс нүктесін қойды — 25:21. Қорытынды есеп — 3:1.

Осылайша, «Жетісу» клубы өз тарихында оныншы рет Қазақстан чемпионатында үздік шықты.
Қола жүлде үшін бәсекеде бүгін «Берел» (Өскемен) командасы Түркістанның «Тұранын» 3:1 (20:25, 25:16, 25:23, 25:17) жеңіп, есепті теңестірді. Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері ертең қосымша үшінші матчта анықталады.

Ал 5-8 орындар үшін ойындарда ақтөбеліктер «Қарағандыдан» 3:0 (25:17, 25:14, 25:18) есебімен басым түссе, алматылықтар «Астанадан» айласын асырды — 3:0 (25:11, 25:22, 25:18).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан чемпионатында алғашқы финалдық кездесуде «Жетісудың» жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью